{metadescription}
Қазақстан өкілдері Қырғызстандағы  сайлауға халықаралық ұйымдардың атынан бармақ
Қазақстан өкілдері Қырғызстандағы  сайлауға халықаралық ұйымдардың атынан бармақ

Қазақстан өкілдері Қырғызстандағы сайлауға халықаралық ұйымдардың атынан бармақ

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы  осы сайлауға қатысудан бас тартты. Оған, Қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанды «ішкі ісімізге араласып, сайлауға ықпал етпек болды» деп негізсіз айыптауы себеп. Сондықтан көрші елдегі додаға барып, оны көзбен көрудің ешқандай қажетілігі жоқ деп шешкен.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа ресми Бішкектен жексенбіде өтетін президенттік сайлауға қатысу туралы арнайы шақыру келген. Бастапқыда Сәрсембаев айырқалпақты ағайындардың саяси науқанын қадағалау үшін бір топ делегациямен баруға дайындалып жүрген екен. Алайда Қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың  Қазақстанды негізсіз айыптауынан кейін, ол додаға мүлдем бармауды ұйғарған. Сол шешімін бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелеріне жариялады. 

Марат Сәрсембаев, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Мен әлемнің көптеген елдерінде 25 сайлау науқанында болып тәжірибеге ие болдым. Бірақ енді дәл осындай адам айтқысыз сөздерді бірінші рет естіп отырмын. Біздің елді қандай да бір себептен кінәлауға жол бермеуге ниет білдіре отырып, Қырғыз республикасына барудан бас тарту туралы мәлімдеймін.

Сәрсембаевтың ұсынысын әріптестері мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы да қолдады. Негізі, ол Қырғызстанға Қазақстаннан ресми өкіл ретінде бару керек еді.

Берік Имашев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Меніңше Марат Алдоңғарұлы өте орынды сұрақ қозғап отыр. Сөзінің жаны бар, толық келісемін. Мен оның шешімін наразылық емес, сайлауды саясаттандырып жіберген Қырғызстанға жауап деп түсінемін.

Десек те, Орталық сайлау комиссиясының орнына Қырғызстанға  елімізден 46 өкіл бармақ. Бірақ олар ОБСЕ, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының құрамында болады.

-Өйткені Қазақстанның  халықаралық міндеттеріне сай, мүлдем бармауға болмайды екен.  Сондықтан  біздің мамандар ірі жаһандық ұйымдардың  көзімен ғана  Қырғызстандағы сайлауға баға бермек. Осылайша, ресми Астана мен Бішкектің арасы тым алшақтап бара жатқан сияқты. Бірақ  жексенбідегі сайлау  қос көршінің  болашағы әрі қарай қалай боларын айқындап беруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.