{metadescription}
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» үміткерлердің соңғы тізімі дайын болды
«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» үміткерлердің соңғы тізімі дайын болды

«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» үміткерлердің соңғы тізімі дайын болды

«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» үміткерлердің соңғы тізімі дайын болды. Жұмыс тобы алдын-ала тізімдегі бес жүзден астам адамның ішінен 302 үмкіткерді іріктеп алыпты.

Олар мамандықтары бойынша 6 салаға бөлінген. Мәдениет пен өнерден 32 адам, қоғам санатында 83 адам, бизнес - 51, медицина - 46, ғылым - 47 және 43 спорт саңлағы бар. Үмкіткерлерге дауыс беру 18-ші қазанда басталады. Жобаның арнайы сайтында әрбір азамат 302 адамның ішінен 3 адамға дауыс бере алады. Ол үшін электронды пошта немесе әлеуметтік желідегі аккаунт арқылы тіркеуден өту керек.

Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

-Еш қиындығы жоқ. Әр адам үш дауыс бере алады. Соның барлығы есептелгенде электронды түрде. Бұған ешқашан басқа қатыса алмайды, және қандай кандидатураға дауыс беріп жатқанын күнделікті көріп отыруға мүмкіндіктеріңіз болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде