Алматыда төтенше жағдай мамандары өрт қауіпсіздігін үй аралап түсіндіруге көшті
Ескертпесе болмайды! Жылыту маусымы енді ғана басталса да Алматыда 16 оқыс оқиға тіркелген. Сондықтан, төтенше жағдай мамандары өрт қауіпсіздігін үй аралап түсіндіруге көшкен.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.10.2017
Осындай ақпараттық автокөліктерді қалалық төтенше жағдайлар қызметі өткен айдан бастап іске қосқан. Арнайы хабарлап, әр үйге жеке-жеке ескертпе қағаз таратып жүр. Тұрғындардың көңілін аудару үшін бұл жолы қатарларына өнер жұлдыздарын да қосып алыпты. Өйткені, жұрт өрт қауіпсіздігі жайлы ойламайтындықтан қайғылы жағдайларға душар болып жатады. Мәселен, былтыр қала бойынша 61 адам зардап шегіпті. Оның жартысы балалар. Жеке тұрғын үй аумағына тән бұл жағдайды болдырмас үшін төтенше жағдай қызметінің өкілдері апта сайын рейд өткізуді қолға алған. Олар пештің жарылмауы, түтіннің тек мұржадан шығуы сынды қарапайым қағидаларды түсіндіреді.
Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД халыққа хабар беру және оқыту тобының аға инженері:
-Алматы қаласының 800-ден астам ішкі құрамы осы шараға қатысуда. Алматы қаласы бойынша 144 мыңнан астам жеке тұрғын үй тіркелген. Соның барлығын жылыту кезеңі уақытында әр үйде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!