{metadescription}
Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады
Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері атыраулық жігітті сабап тастады

Ақтөбеде футбол жанкүйерлері тағы да бұзақылық жасаған. Жергілікті фанаттардың атыраулық жігітті қуалап жүріп сабағанын біреулер таспаға түсіріп алыпты.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бұл видеода таяқтың астында қалған атыраулық жанкүйер екен. Одан «Ақтөбенің» фанаттары үстіндегі команда белгісі бар футболканы шешіп тастауды талап етіпті. Ақыры көнбеген соң жерге жатқызып алып, тепкінің астына алған. Әйтсе де бұл төбелестен тәртіп сақшылары хабарсыз. Олар жанжал туралы ешқандай арыз түспеді деп отыр. «Қайрат» пен «Атырау» командаларының кубокқа таласы бұл жолы өз алаңдарында өткен жоқ. Олар Ақтөбеде кездесті. Мұнда «Қайрат» 1 де 0 есебімен жеңді. Ал  жергілікті жанкүйерлер өз ойыншыларымен кездеспесе де «Қайратқа» қыр көрсетті. Алаңға балағат сөз жазылған плакатты дрон ұшқыш аппаратымен жеткізген. Осы екі жағдайға қатысты тәртіп сақшылары тергеу жүргіземіз деп отыр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде