Алматыда бір жасар баласын көшеге тастап кеткен көкек ана табылды
Алматыда бір жастағы баласын көшеге тастап кеткен көкек ана табылды. Полицияның айтуынша, ауруханаға жеткізілген баланы бір апта бойы ешкім іздеп келмеген. Қазір анықталғандай, бауыр еті баласынан жеріген әйел Алматы облысының тұрғыны екен.
Автор: Мақсат Мәліков
16.10.2017
Полицияға жауап берген безбүйрек ана, шаруа қожалығындағы жұмыстарына асыққандықтан кішкентайын далаға тастап кеттім деп отыр. Бірақ, өзінің бұл әрекетін түсіндіргенде араққа сылқия тойып алған көрінеді. Сақшылардың дерегінше, көкек ана спирттік ішімдік ішуді әдетке айналдырған. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 119-шы, яғни, «қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты. Сондай-ақ, ата-аналық құқығынан айыру мәселесі де қаралып жатыр. Естеріңе салайық, осыдан бір апта бұрын көшеден әбден қалжыраған бала табылып, бірден балалар ауруханасына жеткізілген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!