{metadescription}
Атышулы «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына қатысты сот басталды
Атышулы «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына қатысты сот басталды

Атышулы «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына қатысты сот басталды

 

 

Атышулы «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына қатысты сот басталды

 

Нұргүл Нұрланқызы

Ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталған шенеуніктердің ісі сотқа жетті! Бүгін Алматыда 3 айға созылған тергеуден кейін «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Мәлік Досымбеков пен Төлеуғазы Сексенбаев аса ауыр қылмыс болып есептелетін «пара алу» бабы бойынша айыпталуда. Қос айыпталушы жалпы соммасы 100 мың доллар қаржыны қытайлық компаниядан талап еткен көрінеді. Бірақ, күдіктілер кінәларын мойындағылары жоқ.

Бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салу, қылмысқа алдын ала дайындалу, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану. Бұл «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының экс-басшыларына тағылған айыптың басы ғана. Қос шенеунік, тіпті, сотта аса ауыр «пара алу» бабы бойынша да жауап береді. Іс ашық түрде қаралып жатқанымен, бүгін айыпталушылар да, олардың жақындары мен адвокаттары да өздерін камераға түсіруге тыйым салды. Ал, алдын ала тыңдаудың басталғаны сол екен, қорғаушылар бірінен соң бірі судьяға өтініштерін оқыды. Тіпті, Мәлік Досымбековтің адвокаты тағылған айыптың біразын негізсіз деп, оны алып тастауды сұрады. Айтуынша, экс-басшы қаржылық қиындыққа тап болып, қыруар ақшаны шетелдік компаниядан уақытша алыпты. Алайда, прокурорлар бұл өтінішке қарсы шықты.

- Тергеу органы Досымбековке қатысты жеткізілікті айғақ жинады. Сондықтан, судьядан адвокаттың бұл өтінішін қанағаттандырмауды сұраймыз.

«Қазавиаорманқорғаудың» бұрынғы директоры  Төлеуғазы Сексенбаевтың қорғаушысы да қалыс қалмады. Айыпталушының денсаулық жағдайын алға тартып, түзеу мекемесінен үйқамаққа жіберуді сұрады. Алайда, судья оны да қабылдаған жоқ. Есесіне, басты сот талқылауына маңызды куәгерлердің қатысуын қадағалауды тапсырды.

- Ауылшаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкері куәгер ретінде шақырылсын. Бұл қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін қажет. Прокурор алдағы сот отырысына Қытай Халық республикасының азаматы Лю Хаоудың да қатысуын қамтамасыз етуге міндеттелсін. 

Біздің шенділерге ақша берген осы аты аталған қытайлық азамат болуы мүмкін. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, Мәлік Досымбеков пен Төлеуғазы Сексенбаев шетелдік компаниядан құны 12 миллион доллар тұратын МИ-171Е тікұшағын сатып алуға келісім жасауға көмектескені үшін пара алған. Оның жалпы соммасы 100 мың доллар. Алайда, күдіктінің екеуі де кінәсін мойындаған жоқ.

Оксана Ханова, Т.Сексенбаевтың адвокаты:

- 366-ыншы бап бойынша тағылған айып мүлдем негізсіз. Менің қорғауымдағы азамат ешкімнен пара алған жоқ. Ондай іске мүлдем қатысы болмаған. 

Айта кетсек, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар авиациясына қарасты «Қазавиақұтқару» және «Қазавиаорманқорғау» кәсіпорындарының директорлары  шілдеде сол бума-бума ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған болатын.

Сөйтіп, сот санкциясымен қамауға алынды. Кейін шенділерді қапаста ұстау уақыты ұзартылған. Ал, атышулы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу 3 айға созылды. Енді басты сот талқылауы қазанның 30-ында басталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.