Елімізге келесі айда нағыз қақаған қыс келеді
Қыстың да ауылы алыс емес! Ауа-райын болжаушылар, алдағы айдан бастап-ақ нағыз қақаған қыс келеді деп отыр. Солтүстік өңірлерде тіпті 30 градус аяз болады деп күтілуде.
Автор: Сабина Мәдиқызы
16.10.2017
Марина Шмидт, «Қазгидромет» РМҚ директоры:+ауд
-Қараша айының соңында Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы минус 30 градусқа дейін, ал күндіз 15 градусқа дейін аяз болады. Оңтүстік жартысында түнде минус 15 градус ал күндіз 5 градусқа дейін төмендейді.
Қарашада күн суып қана қоймай, қалың қар түседі дейді синоптиктер. Әсіресе, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысы ақ ұлпаның астында қалады. Оның үстіне көктайғақ болады деп күтілуде. Сондықтан қазгидрометтегілер қысқа қазірден қамдануға кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!