{metadescription}
Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды
Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды

Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды

Астанада көмір алыпсатарларымен ауқымды күрес басталды. Өйткені, қалада аңғал жұртты алдап қара отынды қымбатқа сататын делдалдар көбейіп кеткен. Олар көмірдің тоннасын 16-18 мың теңгеге дейін саудалауда.

Азамат Рашидов, Астана қалалық  Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

- Заңнамаға сәйкес осындай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Бүгінде баға тұрақты. Біз ол бағаны күнделікті маниторинг жасаймыз. Бағаның өсуіне жол бермейміз.

Яғни, тұрақты делінген баға Шұбаркөл көмірі үшін 11 мың 500 теңге. Алыпсатарлар болса, жұрт көп тұтынатын отынның бұл түрін әлдеқайда қымбатқа сатып жатыр. Сондықтан жергілікті полиция көмір орталықтарын қатаң бақылауға алған. Делдалдар ұсталса, айыппұл салынбақ. Ал, атқамінерлер көмір жеткілікті деп сендірді. Айтуларынша, Қаражыра, Шұбаркөл, Богатырь кен орындарынан қазылған отынның 150 вагоны Елордаға күнделікті жеткізіледі. Сондықтан тұрғындарға тас отынды тек қоймадан алуға кеңес беріп отыр. Десе де, ондағы ұзын сонар кезек әлі азаймаған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде