{metadescription}
Астана базарында күзетшілер жаппай төбелес шығарды
Астана базарында күзетшілер жаппай төбелес шығарды

Астана базарында күзетшілер жаппай төбелес шығарды

Астана базарында кезекті жанжал! Бұл жолы түрлі даумен аты шыққан «Шарын» сауда орнында күзетшілер жаға жыртысып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Тіпті, оларды тоқтату үшін тәртіп сақшыларына арнайы жасақты шақыртуға тура келді.

- Есікті ашпа! Есікті ашпа е! Есікті іліп алшы, есікті іліп алшы!

«Есікті ашпа» деп айқайлап жатқан осы төбелеске қатысқан күзетшілер болса керек. Полицейлерден жасырынып, барлық әрекетті видеоға түсіріп алған. Мұнда арнайы жасақ жанжал шығарғандардың қолын қайырып, автобусқа тиеп жатқаны анық көрінеді. Кейін белгілі болғандай, жаппай төбелес шығарғандар екі күзет фирмасының қызметкерлері екен. Олардың бір-бірімен нені бөлісе алмай қалғанын тәртіп сақшылары әзірге айтпай отыр. 

СОФЬЯ ҚЫЛЫШБЕКОВА, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

-Қазір ҚРҚК-нің 252 бабы, яғни «жеке күзет фирмасының қызметкерлері өз өкілетін асыра пайдаланған» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде