Алматыда өрімдей қыз жұрттың көзінше 19-шы қабаттан секіріп кетті
Жалдамалы үйінде жантүршігерлік қадамға барған! Алматыда 19-ға енді толған қыз жұрттың көзінше 19-шы қабаттан секіріп кетті. Сұмдық жайтты сол маңда жүргендер басынан аяғына дейін телефондарына түсіріп алған. Өрімдей қыздың өз-өзіне қол жұмсауына нендей жағдай болғанын полиция қазір анықтап жатыр.
Автор: Аруна Ортай
16.10.2017
Жантүршігерлік жайтты бастапқыда жай тамашалап тұрғандар бойжеткенді соншалықты биіктіктен секіріп кетеді деп ойламаса керек, артынан жамырап қалды. Сөйтсе, таспадан белгілі болғандай, қыздың секіруін күтіп бір топ адам телефонын тосып тұрыпты.
- Даусын естідің ба? *издец секірді ғой анау брат! Бл** ше**
19-шы қабаттағы подъездің балконынан секіріп кеткен қыздың түгі қалмаған. Бойжеткен небәрі он тоғызда екен. Оқиға күндіз кілең бай-бағландар тұратын «Алматы тауэрс» тұрғын-үй кешенінде болған. Күзетшінің айтуынша, марқұм осында пәтер жалдап тұрыпты.
-Көп болған ба осы жерде пәтер жалдағанына, әлде жақында ма?
-Білмедім. Білмейсіз ба?-Жоқ, білмеймін. Тек квартирант екенін ғана білесіз?-Ия.
Бас айналдырар биіктіктен құлаған бойжеткеннің денесі кілең кондиционерлердің ортасына түсіпті. Соққының қатты болғаны сонша, темір қоршауды үзіп өтіп, даңғардай құрылғыны майыстырып жіберген. Ал оқиға орны болса, әлі де қып-қызыл қан. Қан іздері бизнес-класты үйдің подъезінде де жағылып жатыр. Десе де, тұрғындардың онымен ісі де жоқ. Суицид жайлы тек полициядан бір-ақ біліпті.
Десе де, көп көріне бермейтін қызды көршісі ақыры есіне түсірді. Сөйтсе, марқұм осы элиталы үйдің 17-ші қабатындағы 103-ші пәтерде тұрыпты.
Жалдамалы үйде қазір жан баласы жоқ. Айта кету керек, «Алматы тауэрс» қаладағы ең биік, әрі ең қымбат тұрғынүйлердің бірі. Мұнда елімізге танымал эстрада жұлдыздары да тұрады. Күмбезімен есептегенде барлығы 22 қабатты үйде пәтер жалдау екінің бірінің шамасы келе бермейді. Соған қарағанда, марқұм жалғыз тұрмаған, болмаса бақуатты отбасыдан шыққан болуы мүмкін. Бірақ, бойжеткеннің мұндай жантүршігерлік қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз боп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!