Президент Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың жауапсыздығын бетіне басты
Президенттен сөгіс алған Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа бензин тапшылығы бойынша Ақордада ақталуға тура келді. Қолында билігі бар жауапты министрліктің жұмысына президенттің араласуын, төтенше жағдай деді мемлекет басшысы. Ал Бозымбаев бүгінгі сыннан сабақ алмаса, министр тағымен қош айтысуы мүмкін.
Автор: Азамат Алдоңғаров
16.10.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-По предложению правительства я объявил вам выговор. Это вообще чрезвычайная ситуация, Президент обьявляет министру выговор. Равносильно освобождению от должности.
Мемлекет басшысы Бозымбаевтың Қарашығанақ кен орнының да, үш мұнай өңдеу зауытының жұмысын да реттей алмай отырғанын бетіне басты. Ал министр кезекті рет зауыттар әне-міне толық қуатына шығады деп ақталды. Оның есебі бойынша Павлодар зауыты қарашада, Атырау 16-шы желтоқсанда іске қосылған соң, тапшылық дегенді мүлдем ұмытанды екенбіз. Одан кейінгі жөндеу кезегі шымкенттік зауытта. Ол да көпке ұзамай аяқталады деп сендірді Бозымбаев.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: ауд
– Бірінші жартыжылдықта біз өзімізді толық жоғары октанды бензинмен, дизельді отын және авиациялық керосинмен қамтамасыз етеміз. Бүгін керосиннің жартысынан көбін, бензиннің 30 пайызын және дизельдің 10-15 пайызын импорттап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!