{metadescription}
Көкшетауда есірткіні үйінде әзірлеген азамат ұсталды
Көкшетауда есірткіні үйінде әзірлеген азамат ұсталды

Көкшетауда есірткіні үйінде әзірлеген азамат ұсталды

Шикізатының келісі 4 мың теңге тұратын есірткіні көкшетау тұрғыны өз үйінде әзірлеген. Ол кәдімгі асханалық көкнәрдің тұқымын дүкеннен сатып алып, оның сығындысын өзі пайдаланыпты және үйінде сақтапты. Тіпті ол апиынды балаларының көзінше жасаған.  

41 жастағы күдікті еш жерде жұмыс істемейді екен. Алысқа бармай-ақ, азық-түлік дүкендерінде еркін сатылымдағы асханалық көкнәрді есірткіге айналдырып күнін көрген. Сұмдығы сол, әкелері бұрқылдатып қайнатып, апиын жасаған кезде 3 кішкентай баласы қасында отырады екен. Оның үйінен медициналық инелер, есірткі затын жасауға қолданылған арнайы ыдыстар, сондай-ақ, 4 пластик құты толған сұйық зат алынған. Сараптама оның апиынның сығындысы екенін көрсетті. 3 литр 275 грамм аса ірі мөлшер деп  саналады. Күдікті қазір уақытша қамау абақтысында отыр. Ол 3 –тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде