{metadescription}
Заңсыз аң ататындармен күрес күшейді
Заңсыз аң ататындармен күрес күшейді

Заңсыз аң ататындармен күрес күшейді

Заң күшейтілгенмен оған ешкім пысқырып та қарамайды. Еліміздегі ерекше қорғалатын аймақтарда енді мүлдем аң атуға болмайды деп төрт ай бұрын қатаң заң қабылданғанымен саятшылар оған аса мән беріп жатқан жоқ. 

Әсіресе, сиреп бара жатқан елік, арқар, доңыз, тіпті аю аулағыштар көбейген. Ал, кекілік пен қырғауылды екінің бірі ататын болды деп ашынады мамандар. Іле Алатау Ұлттық паркінің қызметкерлері жыл басынан бері осындай жүзден аса заң бұзушылықты анықтаған. Оларға миллиондап айыппұл салынып, қарулары да тәркіленіп жатыр. Бірақ бұл жабайы жануарларды жайратуға құмар аңшыларға тосқауыл болар емес. Рейдті күшейткен инспекторлар соңғы ескертулерін жасады. Ерекше қорғалатын жерлерде балық та аулауға болмайды.

Кенжебай Орынбасар, аңтанушы-биолог:

- Үстіміздегі жылдың 15 маусымынан бастап елімізде ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда аң аулауға тиым салынды. Соған байланысты қазіргі таңда  Іле Алатау Ұлттық паркі аумағында рейдтер жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде