{metadescription}
Петропавлда есірткі саудасын қыздырған сыған әйел ұсталды
Петропавлда есірткі саудасын қыздырған сыған әйел ұсталды

Петропавлда есірткі саудасын қыздырған сыған әйел ұсталды

Түрмеге түспеймін деп ақша өртеді. Петропавлда есірткі саудасымен айналысатын әйел тәртіп сақшыларын көре сала героин мен бір бума теңгені пешке тығып жіберген. Бықсып жатқан купюраларды тәртіп сақшылары үстінен шәйнекпен су құйып алып шықты.

36 жастағы сыған әйелдің есірткі сататыны туралы ақпарат расталысымен, тәртіп сақшылары кештетіп оның үйінің есігін қағыпты. Мұндай қонақтарды күтпеген болуы керек, күдікті бірден пештің үстін ашып, есірткі мен ақшаны отқа лақтырып жіберген. Бықсыған иісті сезген полицейлер пешті ашып үлгергенше, героин жанып кетіпті. Ал шала- пұла күйген ақша заттай айғаққа жарайтын болды. Тамызық бола жаздаған екі мың және мың теңгелік купюралардың жалпы сомасы 12 мың екен.

Қалау Қалаубек, Петропавл қалалық ІІБ жедел уәкілі :

-Есірткі саудасы үшін бұрын сотталған күдіктінің үйін тінту барысында заңсыз айналымнан түскен ақша, ақшаны бөліп сатуға арналған құрылғылар, қару мен оған арналған 37 оқ-дәрі тәркіленді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде