{metadescription}
Белгілі спортшыны суйцидке итермелеген түрме басшылары сотталды
Белгілі спортшыны суйцидке итермелеген түрме басшылары сотталды

Белгілі спортшыны суйцидке итермелеген түрме басшылары сотталды

Павлодарда белгілі дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовті абақтыда жазасын өтеп жүргенде суицидке итермеледі деп айыпталған түрме басшылары cотталды. АП-162/3 колониясының қос қызметкері үш жарым жылға шартты жаза арқаласа, түрменің бұрынғы басшысы ендігі төрт жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс.

Оқиға былтыр ақпанда болған. Ол кездегі ресми ақпарат бойынша, Әбдікәрімов абақтыдағы терезелердің бірін сындырып, әйнек сынығымен өзін жарақаттаған. Алайда арнайы сараптама сотталушының денесінде көптеген соққы іздерінің болғанын көрсетті. Сөйтсе, экс-чемпион түзету мекемесіндегі қорлыққа шыдамай өз-өзіне қол салған екен. Мұндағылар оны өздеріне бағындыру үшін «зорлатамыз» деп қорқытыпты. Осыған шыдамаған дзюдошы өзін басқа мекемеге ауыстыруды бірнеше рет сұрағанымен, еш өзгеріс болмаған. Әбдікәрімовтың өзі мұнда ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталып, жазасын өтеп жүрген. Бірақ мерзімін қысқартуға қатысты шағымын қарауға екі күн қалғанда көз жұмды. Бұдан соң абақтының үш бірдей қызметкері қамауға алынған болатын. «Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша айыпталған олар шындық ашылмас үшін куәгерлерге қысым көрсетуге тырысыпты. Прокурорлар олардың барлығын 4 жылға қамауды сұраған еді. Алайда түрме басшысына ғана осындай жаза тағайындалып, екеуі 3 жарым жыл шартты жазамен құтылды. Бұл шешімге көңілі толмаған марқұмның туыстары енді қайта шағымданбақшы.

 

 

Жандос Әбдікәрімов, марқұм Бақытжан Әбдікәрімовтың ағасы:

-Олар өте қауіпті қылмыс жасаған. Сол үшін оларды қатаң жауапқа тартуды біз сұраймыз. Бірақ сот сондай жауапқа тартқан жоқ. Солардың жазасын шартты деп есептеді. Біз сонымен келіспейміз. Біз апелляциялық сотқа шағымданамыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде