{metadescription}
Алматыда зообақтың кассасынан ақша ұрлады деп айыпталған есіпшінің ісі созылып кетті
Алматыда зообақтың кассасынан ақша ұрлады деп айыпталған есіпшінің ісі созылып кетті

Алматыда зообақтың кассасынан ақша ұрлады деп айыпталған есіпшінің ісі созылып кетті

Алматыда зообақтың кассасынан бақандай 32 миллион теңге ұрлады деп айыпталған есепшіге қатысты сот процесі басталатын түрі жоқ. Ебін тауып билет ақшасын қалтаға басқан келіншектің ісі бүгін де қаралмай қалды.

Аң-құстың аузынан жырып ақша жеген кассир- осы әйел. Келіншек көптеген шенділердің өзін шаңында қалдырды. Тергеу мәліметінше, оның жымқырған сомасы - 32 миллион теңгеден асады. Десе де, Марина Назарова кінәсін мүлдем мойындап отырған жоқ. Айтуынша, аңдардың ақшасына тиіспеген. Әйтсе де, зообақ әкімшілігі бухгалтерлерінің барлық былығын жайып салды. Осыншама қаржыны ұрлатып ай қарап отырған хайуанаттар бағы басшылығы бұған дейін де талай мәрте айқай-шуға қалған болатын. Сегіз бірдей барысты баға алмай өлтіріп алғаны былай тұрсын, енді көз алдындағы кассадағы ақшадан көз жазып қалып отыр. Ал кассирге қатысты сот процесі келесі аптаға қалды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде