Ақмола облысында ірі жол апаты адамдардың өмірін жалмады
Ақмола облысында болған жол апатынан бір көліктегі 3 адамның екеуі қаза тапты. Онымен соғысқан екінші машинаның да жүргізушісі көз жұмған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.10.2017
Тас жолда қарама-қарсы келе жатқан Toyota Prado мен Лексус бір-бірімен бетпе-бет соғысқан. Бұл жерде қарсы бетке шығып кеткен Лексус екен. Олардың қатты соқтығысқаны сонша, екі джиптен де түк қалмаған. Сол жерде екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Ал Прадода болған үшеудің бірі – Дмитрий Лощинин жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізіліпті. Бірақ дәрігерлер оны тексеріп болған соң үйіне қайтарған. Бірақ үйде түнімен ұйықтай алмай, сандырақтаған оны туысқандары ауруханаға қайта әкеліпті.
Марина Шарипова, зардап шегушінің апасы:
-Хирургке оны қалай үйге қайтарғансыңдар дедім. Қабырғалары сынған сияқты. Миы да шайқалған болуы керек. Немесе көз алдында адамдар өлгенін көріп, қатты шошынған. Аузына келгенін айтып сандырақтап, есін жинай алмай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!