{metadescription}
Астананы газбен қамту ісі үшжылдық бюджет жоспарына кірмей қалған
Астананы газбен қамту ісі үшжылдық бюджет жоспарына кірмей қалған

Астананы газбен қамту ісі үшжылдық бюджет жоспарына кірмей қалған

Үкімет президенттің тағы бір тапсырмасын елемей отыр. Елбасы бес жыл бұрын шенеуніктерге Астана мен орталықты толық газбен қамтуды тапсырып, құбыр жүйелерін салуды жеделдетуді айтқан. Бірақ, атқамінерлер асығар емес. Әлі ақша іздеп жүр. Үшжылдық бюджеттен де орталыққа  көгілдір отын кіргізу шет қалған. Депутаттар 2018-2020 жылдардың шығыны мен кірісін танысытруға келген Бақытжан Сағынтаев пен министрлерден бұл жайбасарлықтарын түсіндіріп беруді талап етті.

Әдетте, Үкімет мүшелері алдағы жылдардың бюджетін қорғауға келгенде, алдымен әлеуметтік салаға бөлгенген қаржыдан бастап, депутаттарға жақсы көрінуге  тырысады. Бүгін де солай болды.2018-2020 жылдардың жалпы шығыны 30 триллионға жуық. Оның 40 пайыздан астамы мемлекеттік төлемдерге жұмсалады. Яғни, жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы, жәрдемақы мен шәкіртақы көлемі өседі. Ал мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру, яғни, тұрғын үй, жол, мектеп салу екінші кезекте тұр.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол», Нұрлы жер», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі ірі бағдарламаларды іске асыру үшін және көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 2 064,9 триллион. теңге шығыстар көзделген, олардың ішінде 2018 жылға – 854,8 млрд. теңге қаражат бөлінеді.

Депутаттар ауыл-аймақтарға таза ауыз су жеткізу мәселесін бүгін де көтерді. Ол жоспарда бар екен. Бірақ шенеуніктер Астана мен Көкшетау, Петропавлға газ кіргізуге мүлдем қаржы қарастырмаған. Мәжілісмен Александр Суслов Сағынтаевтан мұның себебін түсіндіріп беруді сұрады.

Александр Суслов, Мәжіліс депутаты:

- Үш жылдық бюджеттің жобасында орталық Қазақстан мен Астанаға газ тару үшін қаржы қаралмаған. Ал Елбасы бұл өңірлерді көгілдір отынмен қамтуды жеделдетіңдер деген еді.  Президенттің тапсырмасын орындайсыздар ма, жоқ па?

Сағынтаевтың айтуынша, солтүстік пен орталықты толық көгілдір отынмен қамту үшін триллионға жуық теңге қажет. Мұндай қомақты қаржы әзірге жоқ. Атқамінерлер жан-жақтан инвестор іздеп жатыр екен. Сондықтан  аталған өңірлерге бүгін-ертең газ кіргізілмейді. Енді Ұлттық қордың табысына келсек. Атқамінерлер алдағы үш жылда мұнай өндіру көлемі артады деп болжаған. Бірақ, бұдан Ұлттық қорға түсетін пайда, керсінше, төмендейді екен. Депутаттар Үкіметтің бұл есебін де түк түсінбедік деп отыр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-минситрі:

-Қашаған кен орнының есебінен 2020 жылы 87 миллион тонна мұнай өндіреміз. Бірақ, келісім бойынша, Қашаған шығынын толық ақтаған соң ғана Ұлттық қорға салық төлейді. Яғни, Қашағаннан тек республикалық  үлесімізді аламыз.

Сондай-ақ, депутаттар ұлттық компанияларға бөлінген миллиардтар мен жекешелендіруден түскен пайданы сұрап, әр тиынға есеп беруді талап етті.

Майра Айсина, Мәжіліс депутаты:

- Жекешелендірудің есебінен Ұлттық қорға 7,5 миллиард теңге түседі дейсіздер. Жылдар бойғы шығынның қайтарымы осы ғана ма? Оның үстіне 2020 жылға дейін «Тұрғын үй жинақ банкі», «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана» компаниясын да сатылымға шығармақпыз.

Министрлер бұл сауалға мандытып жауап қатпады. Бірінен кейін бірі сасқалақтаған олар соңында спикерден сөз естіп тынды.

Айтпақшы, Үкімет депуттардың жалақысын көтеру үшін биылғы бюджеттен қосымша 640 миллион теңге бөлген екен. Осы жылдың жалпы шығыны 11 триллион теңгеден асады.

Ал Үкімет келесі жылы 9 триллион теңге жұмсамақ. Жалпы, министрлер үшжылдық бюджетті мұнайдың бағасы 45 доллар, АҚШ ақшасының теңгеге шаққандағы бағамы 340  болады деп есептеген. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қаңтар

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.