{metadescription}
Ақтауда биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала полицейлерден қашқан
Ақтауда биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала полицейлерден қашқан

Ақтауда биік қабаттан секіріп кеткен ана мен бала полицейлерден қашқан

Ақтауда 3-ші қабаттан секіріп кеткен келіншек пен оның қызына қатысты іс жан-жақты тергеліп жатыр. Бұл екеуі полицейлерден қашып, осындай әрекетке барыпты. Әйел “ұрлық жасады” деген күдікке ілініп, Ақтауға қашып кеткен екен. Ізімен жеткен шымкеттік тәртіп сақшылары оларды тұтқындап, жалдамалы пәтерде ұстаған. Енді полицейлердің өздерінің бастары дауға қалғалы тұр. Өйткені келіншек олардың үстінен өлімге итермеледі деп арыз жазып үлгерді.

Іздеуде болған 40 жастағы әйел мен оның 15 жастағы қызын Ақтаудан тапқан екі жедел уәкіл бұларды жалдамалы пәтерге орналастырған екен. Сөйтіп, оның шын мәнінде қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтамак болған. Бірақ жауаптан жалтарған келіншек өзімен қоймай, қызының да басын қатерге тігіп, терезеден секіріп кетіпті. Және оның бұл әрекетінің енді полицейлерге де пәле боп жабысатын түрі бар.  

Жандарбек Спанов, Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

-Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Ақтау қалалық прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 362 бабы, 4-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруіне бірыңғай тізіміне құжаттар енгізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры айқындалды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс әзірге тек дерек бойынша қозғалған. Яғни Ақтауға Шымкенттен арнайы іссапармен келген қос полицей заңға сәйкес әрекет етті ме, жоқ па, сол жағы тексерілмек. Сонымен қатар, прокурорлар күдікті делінген келіншектің ұрлыққа шынымен де қатысының бар-жоғын анықтау үшін сұрау салып отыр. Ал ауруханада жатқан әйел мен оның қызының жағдайлары ауыр.

Жансерік Шауқымбердиев, Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Қазіргі жағдайы олардың ауыр. Жарақаттары алған жамбас сүйектері сынған, кеуде жарақатын алған, бас-ми жарақаттары бар.

Айта кетейік, жұрттың зәресін алған бұл оқиға кеше кешкілік болған еді. Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінің үшінші қабатынан анасы мен қызы секіріп кеткен. Қанға бөккен екеуді көршілері көріп, жедел жәрдем шақырыпты. Құлаған кезде олардың үстілерінде сырт киімі, қолдарында сөмке мен жастық болған. Соған қарағанда, анасы мен қызы соққыны барынша жеңілдетуге тырысқан секілді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде