{metadescription}
Қазақстан қор биржасы тарихи өсімге қол жеткізді
Қазақстан қор биржасы тарихи өсімге қол жеткізді

Қазақстан қор биржасы тарихи өсімге қол жеткізді

Қазақстан қор биржасы тарихи өсімге қол жеткізді. Соңғы тоғыз айды қортындылаған Акционерлік қоғам басшылары осылай деп отыр. Биржадағы сауда-саттықтың жалпы соммасы 119 триллион теңгені құрап, тоғыз жыл бұрынғы рекордты жаңартқан.

Яғни, өткен жылдың осы уақытындағы көрсеткішпен салыстырғанда 62,6 пайызға немесе 45,8 триллион теңгеге өскен екен. Журналистер алдында есеп берген қор басшылары қаржы нарығында жеткен өзге де жетістіктерімен бөлісті. Мамандардың айтуынша, биржадағы сауда айналымында теңгенің үлесі де біршама көтерілген екен. Мемлекеттік құнды қағаздар саудасы 4 есе ұлғайып 1597,1 миллиард теңгені көрсеткен.

Алина Алдамберген, «Қазақстан қор биржасы»  АҚ басқармасының төрайымы:

- Соңғы 3 жыл бойы ақша және акция нарығында қарқынды өсуді байқауға болады.  Акция 79,3 пайызға өскен. Тоғыз айдағы сауда 238,1 миллиард теңгені құрады. Қаржы нарығындағы жұмысты дамыту үшін біз түрлі шаралар атқарып жатырмыз. Биыл бірнеше рет халықаралық биржа ойыншыларымен тәжірибе алмасу үшін кездесулер де өткіздік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде