Алматыда тұрғындардың келісімінсіз жертөлені жалға беруге тыйым салынды
Алматыда енді Пәтер иелері кооперативі тұрғындардың келісімінсіз жертөлені жалға бере алмайды. Жаңа ереже 23-ші қазаннан бастап күшіне енбек. Бұлайша жаңа ереже қабылдауға себеп- тұрғын үй басқармасына мыңдаған шағым түскен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
19.10.2017
Яғни, қала тұрғындары жертөледе ойын залы, сауна, караоке клубтардың ашылғанына жиі арызданыпты. Енді жаңа ереже- таңдауды тұрғындардың өзіне қалдырып отыр. Мәселен, кооператив төрағасы коммерциялық мақсатта шатырды, я жертөлені жалға берердің алдында жиын өткізіп, дауысқа салады. Үй тұрғындарының 70 пайызынан қолдау тапқанда ғана нысанды жалға беруге рұқсат етілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!