Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғасатын болды
Астанада Сирияға қатысты келіссөздер қайта жалғасатын болды. Президент Башар Асадтың жақтастары мен қарулы оппазиция мүшелері Елордада осы айдың 30-ы мен 31-і күндері бас қосады деп күтілуде.
Автор: Досжан Маратұлы
19.10.2017
Астана процесінің 7-ші рауынды бұған дейін өткен келіссөздердің форматы секілді ұйымдастарылмақ. Ресей, Түркия, Иран секілді елдердің кепіл болуымен өтетін жиында терроризммен күрес және жарылыстарды тоқтатып, тұтқындарды босату мен қаза тапқандардың денесін беру мәселесі сөз болмақшы. Ресми Астана қазір келіссөздерге дайындықты бастап кетті. Ал, бұған дейін өткен процесте тараптар Сирияда оқ атылмайтын төрт қауіпсіз аймақ құру туралы келісімге келген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!