{metadescription}
Алматыда туристік компанияға алданғандар қаржысын қайтара алмай жүр
Алматыда туристік компанияға алданғандар қаржысын қайтара алмай жүр

Алматыда туристік компанияға алданғандар қаржысын қайтара алмай жүр

Сенатор айтқандай-ақ туркомпаниялар үкіметтің миллиондарына қол жаймайтын секілді. Өзін-өзі қамтамасыз етуді меңгергендері соншалық, шетелге адам аттандырмай-ақ ақша табуға көшкендей. Отбасылық демалыстың қызығына батамыз деп опық жеген алматылықтар осылай деп отыр! Яғни, Алматыда туристік компанияның арбауына түстік деген топ өз қолымен төлеген қаржысын қайтара алмай жүр.Олардың айтуынша, әр түрлі жолмен клиенттердің басын айналдыратын компаниядан жеңілдетілген жолдаманы қалай сатып алғаныңды байқамай қалады екенсің. Бірақ, «кейін көптеген адамның пікірін оқып, аталған компанияның...

лапқа сай жұмыс істемейтіне көзімізді жеткіздік» дейді. Алайда, шағымданушылар келісім-шартты бұзғанымен, компания тарапы ақшаларын қайтаруға асықпайды екен.

Бұл бейне жазбадан отбасылық бағытта қызмет көрсететін «Арт Азия» туристік компаниясына алғысын жаудырған демалушылардың қуанышты сәтін көреміз. Алайда, бүгін аталмыш компанияның арбауына түстік деген өзге топтың назы басқа. Алғашында ұтыс купонын толтыру арқылы жеңілдетілген отбасылық жолдаманы иеленгенде төбеміз көкке жеткен, кейін қуанышымыз су сепкендей басылды дейді олар.

Ольга Шнайдер, Алматы қаласының тұрғыны:

- Олар тізімді парақтай келе сіздердің ұтыстарыңыз Лексус көлігі емес деп бір тоқтады. Бір кезде бір аптаға Вьетнамға жолдама иелендіңдер деді. Күйеуіміз екеумізге 69 мың теңге төлеу керек екен. Екі баламызды айтқанда бізде акция жүріп жатыр, енді 298 мың теңге төлесеңдер тағы бір апта Черногрияға барасыңдар деді. Ақшаны санап бердік.

Шет ел асып сергимін деген жұрттың айыптауына ұшыраған компания, бір отбасыдағы екі немесе одан да көп адамға әлемнің мықты деген қалаларынан жолдамаға сәйкес тегін тұрақ тауып беруі тиіс. Қалған шығын клиенттердің өз есебінен төленеді. Ал, Ольга Шнайдердің айтуынша, біресе кофе ұсынып, біресе даңғырлатып музыка қосқан компания қызметкерлері келген клиенттердің ақылдасуына мүмкіндік бермейді екен. «Ғимарат ішінде интернет те істемейді. Артынан тысқа шыққанда бармақ шайнап қалғанымызды ұқтық. Өйткені, аталмыш компания туралы елдің теріс көзқарасы өріп жүр» дейді. Ал, алдандым деген тағы бір азамат, туристік компания бізге теріс ақпарат берді деп кінәлайды.

Анатолий Цвентарных, Алматы қаласының тұрғыны:

-Кеңесшімен ақылдасқанмын. Егер мен мына елде болмадым делік, ол жаққа ұшу билетінің құны қанша деп сұрадым. Маған төрт есе арзандатып айтыпты. Кейін оған көзім жетті. Мен де 262 мың теңге төлегенмін.

Ал, заңгер Кристина Гринбергтің айтуынша, «егер клиент белгілі уақыт ішінде келісім-шарттан бас тартса, ақшасы қайтарылуы тиіс».

Кристина Гринберг, заңгер:

-Тұтынушылар құқығын қорғау заңнамасына сәйкес, адамдар қандай қызмет көрсетілетіні жөнінде қолжетімді ақпарат алуға құқылы. Егер клиент толық түсінбегендіктен бұл қызметтен бас тартса, келісім-шартты тоқтата алады.  Және ақшасы қайтарылуы керек.

Дегенмен, туристік компанияның өкілдері өздеріне шаң жуытпады. «Келісім-шартта көрсетілген міндетті толықтай атқарып отырмыз» деген олар, қаражаттың толықтай қайтарылмайтынын да кесіп айтты.

Фариза Солтанбекова, «Арт Азия» компаниясының адвокаты:

-Келісім-шартқа қол қойылғанда қызмет құнымыз өте арзан болғандықтан, бұл қайтарлымайтын тариф ретінде есептеледі. Тек, кейбір жағдайларда ғана қайтарылады. Біз ұсынған келісім-шартта барлығы көрсетілген. 

Шағымданушылардың айтуынша, қазір туристік компанияның жеңілдетілген жолдамасынан бас тартып, қаржысын даулап жүргендердің қатары күн санап артуда. Тіпті, алдандық деген жандардың құқын қорғаушы заңгерге Астана қаласынан да хабарласатындар көбейіпті. «Жұмылып жұдырық болсақ, өзгелердің опық жеуіне жол бермейміз» дейді олар. Қазір кейбірі сотқа шағымданып үлгеріпті. Ал, компания өкілдері болса, көпшіліктің көңілінен шығу мүмкін емес,  интернеттегі теріс пікір көре алмайтындардың әрекеті болуы мүмкін дейді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.