{metadescription}
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Жеген ақшасына жер алып, хан сарайындай зәулім үйлер салғызған. Бүгін Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айтылмай келген біраз мәліметтерді мәліметтерді жариялады. Жалпы, қылмыстық іс бойынша бас-аяғы 23 адам шатылып жатыр. Оның басым бөлігі кінәсін мойындап, ұрлаған миллиоандарын қайтарып та берген. Ал, Бишімбаевтың өзі тағылған айыптармен келіспей отыр. Не болса да оны жақында сот анықтауы тиіс.  Экс-министрдің том-том қылмыстық ісі 10 ай тергеуден соң ақыры сотқа жолданды.

Қуандық Бишімбаевтың параны кімнен, қашан және не үшін алғанын Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро осылай бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Мәліміттерге қарағанда, ол «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарып тұрған тұста әбден былыққа батқан еткен. «Нұрлы жол» бағдарламасымен үй салуға тендерді ұтып беру үшін 5 бірдей құрылыс компаниясына лобби жасапты. Осы қызметі үшін бизнесмендерден 400 миллион теңгеге жуық пара алған дейді тергеушілер.

Олеся Кексель, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департамент басшысының орынбасары:

- «Бәйтерек» холдингімен жұмыс істегісі келген әрбір құрылыс фирмасы Бишімбаевқа ауызбастырық берген. Сөйтіп, бизнесмендер мемлекеттік бағдарламамен үй салуға тендрді ұтып алған.

Бишімбаев қылмыстық іске қоластындағыларды да тартыпты. Қазір осы іс бойынша тергеу изоляторында «Байтерек DEVELOPMENT" –тің бұрыңғы төрағасы Бақыт Жақсыбаев және мәжілісмен Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов, атқарушы директорлар Бауыржан Әйтімбетов, Ғазиз Сариевтің де отырғанын айта кетейік.

Олеся Кексель, Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департамент басшысының орынбасары:

-Бұлардың барлығы қылмыстық топ құрып сақтықпен әркет еткен. Барлығының қылмыстағы рөлін анықтап, параны кімнен, қашан және қай жерде алғандарын анықтадық. Барлығы кінәларын мойындады. Бишімбаев қана тағылған айыппен келіспей отыр.

Бишімбаевтың былығы тек бұл емес. Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені жалған фирмалар арқылы ұрлады деп айыпталуда. Әрі экс-минстр бұл іске бауыры Нұрлыбек Сұлтановты да тартқан. Мәліметтерге қарағанда, Бишімбаевқа тиесілі пара осы туысының шотынан табылған. Бір айта кетерлігі осы экс-министрдің қылмыстық ісіне қатысы бар бас-аяғы 23 адам шатылып жатыр. Оның 20-сы кінәсін мойындаған. Десе де, бұлар бюджетке келтірілген шығын 1 миллиард 200 миллион теңгені қайтарып үлгерген.

Ал, тергеушілер ұрланған ақшаға Бишімбаев зәулім коттедждер сатып алған дейді. Соның бірі Астана іргесіндегі Қосшы ауылында орналасқан. Хан сарайындай үйдің құны 170 миллион теңгеден асады. Ал, жыл басынан бері қамауда отырған экс-министрдің ісі бүгін ақыры сотқа жолданды. Оның ауқымдылығы сонша күдіктілерге айыптау қорытындысымен танысуға 5 ай уақыт кеткен. Сотта Бишімбаевты үш бірдей адвокат қорғамақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде