Оралда жоғарыдан құлап темір қоршауға қадалған жұмысшы хәл үстінде жатыр
Оралда жоғарыдан темір қоршауға құлаған жұмысшы әлі есін жиған жоқ. Ал дәрігерлер денесімен темірге қадалған Қайрен Баймолдиннің тірі қалуының өзін ғажап жағдай деп отыр. Өйткені, мұндай оқиғадан кейін адамның аман қалуы мүмкін емес көрінеді.
Автор: Жанар Низамутдинова
19.10.2017
Саламат Ералин, БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Ауыр халде жатыр. Дәрігерлер барлық жақсы емді беруде. Және де дәрігерлердің айтуынша, оның дүниеден өтіп кетпеуі және тірі қалуы - нағыз ғажап нәрсе.
Ал 48 жастағы Қайрен Баймолдин ұшыраған кешегі сұмдық жағдайдан ешкім сабақ алмаса керек, кафедегі құрылысшылар әлі де қауіпсіздік шараларын қолданбай-ақ жұмысты қыздырып жатыр. Еске сала кетейік, Баймолдин кеше 3 қабатты дәмхананың төбесін жабамын деп жүріп, темір қоршауға құлаған еді. Оның денесін тесіп өткен темірді алу үшін дәрігерлер 4 сағатқа жуық ота жасаған. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, кафе қожайыны жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!