Алматылық полицейлер ерекше шара ұйымдастырды
Алматылық жергілікті полиция қызметі Нұр Отан партия өкілдерімен бірігіп «жолда қабылдау» акциясын ұйымдастыруда. Республикалық көлемдегі бұл шара жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша екінші рет өтіп отыр.
Автор: Аида Мағыпар
20.10.2017
Қайым- Мұнар Тәбеев, Нұр Отан партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
-Бүгінгі күні тұрғындардың арасында өзінің мәселесін шеше алмай жүрген адамдар көп өйткені олардың кейбіреуі қайда баратындарын да білмейді. Сол себепті осы жолда қабылдау акциясын өткізіп отырмыз. Жаңағы ішкі істер органдарымен қоса тағы да бірқатар мемлекеттік органдары жер-жерде күтіп отыр.
Осы шара барысында Алматы қаласы бойынша 3 муниципалдық автобус қызмет көрсетті. Әрбір автобуста жол полициясының өкілі, жергілікті учаскелік инспектор, заңгер және «Нұр Отан» партиясының өкілдері отыр. Олардың міндеті тұрғындарды мазалайтын сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, түсіндіру жұмыстар жүргізу. Ал, түсіп жатқан арыз-шағымдар әр түрлі. Жүгінгендердің бірі жол қозғалысымен байланысты мәселелер қызықтырса, енді бірі жол потрульдік полиция қызметкерлеріне арыз-шағым түсіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!