{metadescription}
Ақтауда биіктен секірген әйел оқыс қадамға не үшін барғанын айтып берді
Ақтауда биіктен секірген әйел оқыс қадамға не үшін барғанын айтып берді

Ақтауда биіктен секірген әйел оқыс қадамға не үшін барғанын айтып берді

Ақтауда полицейлерден қашып қызымен бірге балконнан секірген әйел бүгін болған жайттың жай-жапсарын айтты. 40 жастағы Зарина Байдосованың айтуынша, Шымкенттен барған тәртіп сақшылары бұларды кепілге алып, қорқытып, сосын ұрыпты. Тіпті қызын зорламақ болған көрінеді. Содан соң құлағанда жұмсақтау болсын деп қызымен бірге жастық ұстап секірген. Ал оңтүстік полицейлері өз қызметкерлерін жақтап, балконнан секірген әйелді күдікті деп отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрлық жасаған Байдосова полицейлерден емес, заңнан қорқып қашқан. Ақтауда жүріп, шымкенттік полицейлердің қолына түскен...

елдің шытырман оқиғасы туралы Бек Әбиев баяндайды.

Зарина Байдосова қызымен бір палатада жатыр. Екеуінің де жамбасы сынып, миы шайқалған. Дәрігерлер анасы мен қызы екі айсыз аяққа тұрмайды деп отыр. Десе де, Заринаның өзі балконнан секіргеніне бір сәт те өкінбейді. Себебі, жалдамалы пәтерге әкелген полицейлер қызы екеуіне білгенін істепті. Заринаның өзін ұрып-соқса, қызын зорлауға пиғыл танытыпты.

Зарина Байдосова:

- Полицейлердің өзі үшеу болған. Оларға кейінірек тағы үш жігіт кеп қосылды. «Қазір ішімдік пен тіске басар бірдеңе әкеліп, тойлаймыз» деп, бізге қарап ыржыңдады. Олардың көзқарасынан қызымды зорлағысы келгенін түсіндім. Сөйтіп, екеуіміз қашуға бел будық.

Заринаның айтуынша, қызын жалғыз бағып отырған өзінің үйі де жоқ. Алматы мен Шымкентте жұмыс іздеп, пәтер жалдап тұрған екен. Пәтердегі тұрмыстық техникасын бұзып қойғаны үшін үй иесі полицейлерге арыз түсіріпті. Ал тәртіп сақшылары пәтер иесінің сойылын соғып жүргендер дейді. 

Зарина Байдосова:

-  Пәтерді Шымкентте Әсем деген келіншектен жалдағанмын. Байқамай, теледидарын сындырып алдым. Содан соң қазір ақшамның жоқ екенін айтып, Алматыға барып жұмыс істеп ақша табамын да қайтарамын деп едім, көнбей қойды.

Ал күнгейлік полицейлер бұл жағдайды мүлдем басқаша түсіндірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша мамыр айында Зарина Байдосова жалдаған пәтерін үптеп кетіпті. Ұрлық бабымен іс қозғаған полицейлер Заринаның Ақтауда жүр деген ақпарын естіп, майор мен аға лейтенантты артынан жіберген екен.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы;

 -Үйін жалдап тұрған бір уақыт және де үйінде тұрған кезде үйіндегі дүние мүлкін сауда қылып жіберген. Санап қараған кезде үлкен мөлшерде залал келтірген. Екі миллион теңгеге жуық. + Іссапарға шығу мақсаты ол күдікті азаматшаны Шымкент қаласына алып келіп, арыз бойынша түсініктеме алу керек еді.

Естеріңізге салсақ, оқиға Ақтауда осыдан үш күн бұрын болды. Ол кезде Зарина қызымени бірге үшінші қабаттағы балконнан секірген. Кейін оның ұрлық жасады деген күдікпен ұстап алған полицейлерден қашқаны туралы айтылды. Зарина Байдосованың үстінен шымкенттік полицейлер ғана емес, Алматы қаласының тергеушілері де «ұрлық» дерегімен іс қозғаған екен. Алайда ауруханада жатқан әйел өзін жаланың құрбанымын деп отыр. Ал кімнің рас, кімнің жалған сөйлеп жатқанын енді Маңғыстау облысының прокуратурасы анықтауы тиіс.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.