Еуропа Иранмен ядролық келісімді қолдайтындарын растады
Еуропа Иранмен ядролық келісімді қолдайтындарын растады. Брюссельде Еуроодақ басшылары атом саласындағы талаптарды орындауды пысықтады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.10.2017
Олар 2015-ші жылы қабылданған Иран атомы бойынша өз міндеттерін толық орындауға дайын екендіктерін жеткізіп отыр. Еуроодақтың Сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерико Могерини бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару арқылы қауіпті қарудың таралмауын қамтамасыз етуге болады деген сенімде. Апта басында Еуропалық Одақ АҚШ-ты Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімді бұзбауға шақырған болатын. Бірақ, Дональд Трамп алған бетінен қайтар емес. Керісінше, Иранға қарсы жаңа санкция саламыз деп шүйлігіп отыр. Еске салсақ, аталған келісім Барак Обаманың кезінде жасалған болатын. Ядролық бағдарламаны кезең-кезеңімен жапқаны үшін Теһраннан санкциялар алынып, сауда-саттығы қайта жанданған Иранның да экономикасы біршама көтеріліп қалған еді. Ал Ақ үйдің қазіргі қожайыны, бұл келісім АҚШ-қа еш пайдасы жоқ деген пікірде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!