{metadescription}
Алматыда науқастарға тегін берілетін инсульин жетпей жатыр
Алматыда науқастарға тегін берілетін инсульин жетпей жатыр

Алматыда науқастарға тегін берілетін инсульин жетпей жатыр

Алматыда науқастарға тегін берілетін инсульин жетпей жатыр! Қант диабетімен ауыратындар әсіресе қысқа мерзімге әсер ететін инсульиннің жоқтығын айтып, дабыл қағуда. Үш аптадан бері емге табылмаған дәрінің жоқтығын қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де растады.

Құзырлы орындар аз уақытқа әсер ететін инсульин тапшылығының бір себебін биыл науқастардың қатары артқанымен түсіндірді. Жыл басында Алматы қаласында қант диабетімен сырқаттанатын 7 мың адам тіркелсе, қазір олардың саны 400 адамға көбейген. Сондай-ақ, дәріні тасымалдаушы «СК-Формация» компаниясы керекті инслуьинді уақытында жеткізбеген. «Бұл мәселе аталмыш компания басшылығындағы қайта құруға байланысты» дейді мамандар. Айта кетейік, қыркүйек айында жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро «СК-Формация» компаниясының басшысын ұстап, кейін оған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын. Ал, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері инсульин тапшылығы келесі аптада шешімін табады деп сендірді.

Жанар Кенжебаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Дәл қазір қысқа мерзімге әсер ететін инсульинді жеткізу тоқтап тұр. Шілде айында тағы да қосымша жеткізу жөнінде тапсырыс бергенбіз. Өтінішімізді денсаулық сақтау министрілігі мақұлдап, қаржы бөлінді. Қазанның 20-нан кейін келеді деп күтіп отырмыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде