{metadescription}
7 айлық сəбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот процесі жанжалға ұласты
7 айлық сəбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот процесі жанжалға ұласты

7 айлық сəбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот процесі жанжалға ұласты

7 айлық сəбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот процесі қып-қызыл жанжалға ұласты. Марина Тюменцеваға қарсы куəлік етуге келген енесі оны тура сот табалдырығында балағаттап, ұлы екеуінің шиеттей балаларды бұрыннан ұрып жүргендерін мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Марина Тюменцеваның әрекеті күллі ғаламторды шулатқан болатын. Жылап қоймаған перзентін аса қатігездікпен жазалаған әйел шақалақты бар күшімен жерге лақтырып жіберген. Алайда, кейін кешірім сұрап, соттың алдында жылаған болатын. Бүгін сол əйелге қатысты үкім шығуы тиіс.

Бүгін куəгерлерден жауап алынып, артынша үкім шығуы тиіс болған. Қарсы тарап енесі мен күйеуі. Күйеуінің  қабағы қатулы шықты. Ашуын журналистерден алды. Көп ұзамай екеуі сот маңынан қарасын батырды. Ең соңғы боп Тюменцеваның өзі шықты. Бірақ, оны асыға тосқан тілшілер тосылып қалды. Өйткені күні кеше ғана ашылып сөйлеген əйел бүгін мүлде үнсіз. Сұхбат беруден бас тартты. Ал үкім кейінге қалды. Анасынан оңбай таяқ жеген 7 айлық Ирада мен оның 5 жастағы əпкесі Таисаның тағдыры бес күннен кейін белгілі болады. Баласына аса қатігезлік танытқан анаға үкім сол кезде шығады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.