Полицейдің формасымен суретке түскен күзетші сотталуы мүмкін
Қияли қарауыл қылмыстық жаза тартады. Әлеуметтік желідегі виртуалды өмірде өзін тәртіп сақышысы етіп көрсеткісі келген «Қазақфильм» киностудиясының күзетшісі сотталуы мүмкін.
Автор: Азамат Алдоңғаров
20.10.2017
Павел Егоров есімді жігіт әртістердің гардеробындағы полицейдің киімін киіп суретке түскен. Бұны аз көрген күзетші интернеттен өлі адамның суретін тауып алып, астына «арнайы операция кезінде атып тастауға тура келді» деп жазба қалдырған. Полицейдің рөлін сомаудады ермекке айналдырған жігіттің бұндай өнерінің бағасын енді тергеушілер бермек.
Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:
--Суретке түсу үшін ол тіпті әскери дүкеннен арнайы барып ІІМ-нің символикасы бар әмиян мен кісен сатып алған. Сонымен қатар, өзінің газды тапаншасын және интернеттегі суреттерді де пайдаланған. Қазіргі таңда жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!