{metadescription}
Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды
Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды

Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды

Басқа бәле балықтан! Ақтаудағы теңіз жағасында орналасқан мейрамханалардың бірінде қызық жағдай болды. Келушілердің бірінің осы мекемеде тұрған аквариумдегі бекірені ұрлаймын деген ойы іске аспай қалды.

Жас жігіттің жеңсік асқа аңсары әбден ауса керек, бекірені аулаудың жеңіл жолын таңдапты. Сөйтіп, құнды балықты өсірумен айналысып, клиенттерге көзінше пісіріп беретін мейрамханалардың біріне келген. Айналада ешкімнің жоқтығын пайдаланған ол судағы балықты ұстап алып, сыртқа беттепті. Бірақ, киімінің ішіне жасырған бекіре сусып жерге түскен. Ұры соны қайтадан аламын деп әуреге түсіп жатқанда, оны күзетшілер ұстап алды. Балықты баппен жемек болған азаматқа қатысты «ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.