{metadescription}
Алматы хайуанаттар бағы қауіпті мекенге айналды
Алматы хайуанаттар бағы қауіпті мекенге айналды

Алматы хайуанаттар бағы қауіпті мекенге айналды

Алматы хайуанаттар бағы қауіпті мекенге айналды! Тез арада бақ ішіндегі кәрі ағаштар қырқылып, ретке келтірілмесе жан-жануарлар тұрмақ, келушілердің де үстіне құлап, өміріне қауіп төнеді. Хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев «инстаграмдағы» парақшасында осылай деп жан-айқайын білдірді.

Тіпті, қаладағы өткен түндердегі дауылдың кесірінен ағаш құлап, тау арқарының қызыл кітапқа енген түрі өлген. Сондықтан Медеу аудандық әкімшілігінен көмек сұраған директор, «тез арада қажетті техника мен мамандарды шақырып, кәрі тал-теректің көзін жоюымыз керек» дейді. Ал, экологтардың байбалам салуына орын жоқ деген ол, «адам өміріне қауіп төндіретін кәрі ағаштарды шабуға қажетті рұхсат қағаздары алынған» деп отыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде