{metadescription}
Ақмола облысында өлместің күйін кешкен Красногордың тұрғындары шу шығарды
Ақмола облысында өлместің күйін кешкен Красногордың тұрғындары шу шығарды

Ақмола облысында өлместің күйін кешкен Красногордың тұрғындары шу шығарды

Ақмола облысындағы бұрынғы кеншілер қалашығы – Красногордың тұрғындары өлместің күйін кешіп отыр. Уран кеніштері жабылған 2001-ші жылдан бері олар не жәрдемақы, не баспана ала алмай қалған. Кенттен таяқ тастам жердегі атышулы «ұйқышыл» ауыл Калачимен қоса оларды басқа жаққа көшіру мәселесі өткен жылы үкіметте шешіліп, 2 жарым миллиард теңге бөлінді. Бірақ, неге екені белгісіз, бұл іс түпкілікті жүзеге асырылмаған. Енді тұрмыс тауқыметін тартқан жұрт бұған атқамінерлерді кінәлап отыр.

Мына жиналған жұрт ауылға аудан атқамінерлерінен құралған арнайы топ Красногор кентін мүлдем таратып жіберуге келді деп естіген. Өре түргелген тұрғындар баспана немесе жәрдемақы алмайынша Красногордың картадан жоғалуына жол бермейміз дейді. Олар Үкімет арнайы бөлген 2,5 милиардтың алақандай Красногор мен Калачи тұрғындарына жетпей қалғанына сенбейді.

Виктор Лукьяненко, Красногор кентінің тұрғыны:

- Мынау барып тұрған өтірік. Алдау-арбау бізді шаршатты. Адамдар күн көре алатын емес. Өліп те жатырмыз. Көпқабатты екі үй Есілде, тағы бір үй Державинскіде салынды. Қалған ақша қайда? Неге бізді орналастырмайды?

Шынымен де шенеуніктер Красногорды жабу туралы жоғарыға ұсыныс жасау үшін жиналған екен. Бірақ аудандық мәслихат депутаты Қайрат Әлібеков ашынған жұрттың дауысын естіп, халықтан қаша жөнелді. Ал қалған комиссия мүшелері қарапайым жұрттан мұндай қарсылық күтпесе керек, абдырап қалды.

Осылайша жұрттың әкім-қараларды тыңдағысы жоқ. Бізбен санаспады деп күйінеді. Ал  күйі кеткен кенттің бүгінгі түрі мынау.Красногор қалашығы деген аты болмаса, бұрынғы кеншілер қаласынан түк те қалмаған. Мұнда қазір жылу да,су да жоқ. Соған қарамастан, көпқабатты қаңыраған үйлер мен қирандылар арасында 38 адам тұрып жатыр екен. Олар туған қалаларын қимағандықтан емес,барар жерлері болмаған соң амал жоқтан отыр.

Өлместің күнін кешіп отырғандардың бірі – Александра Сухорукова. 90 жастағы әжей 70-тегі ұлымен мына азынаған пәтерде тұрады. Пәтер деген аты ғана. Кейуана пеш жағып, қиналып отыр.

Александра Сухорукова, Красногор кентінің тұрғыны:  

-Міне, жағдайым осы. Бізге көшесіңдер деді. Мына ыдыстар мен дүниелерімді өзім отырып буып-түйдім. Сосын әкім көшпейсіңдер,осында қыстайсыңдар деді.

Достанбек Есжанов, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:

-Бұл тұрғындар енді Калачи ауылдық аймағына қарайтын болады. Осы отбасылар Держависк қаласына көшуден бас тартқан еді. Енді оларға беретін үй де, жәрдемақы да жоқ. Ал Красногорды таратамыз. Өйткені онда 17 отбасы ғана тұрады. Адамдары тұрғылары келсе, тұра береді.

Әкімнің орынбасары 2 жарым миллиард қайда кеткенін айта алмаймын деді. Ал жұрт көшуден бас тартты дегенімен, мұндағылардың көш көлігін күтіп отырған жайы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.