Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып тұрғындарды басып қала жаздады
Астанада тұрғын үйдің сылағы опырылып тұрғындарды басып қала жаздады. Сапасыз құрылыстың кесіренен қатты желге төтеп бере алмай құлаған құрылыс материалдары қайта адам жоқ жерге түскен.
Автор: Досжан Маратұлы
20.10.2017
- Қорқамыз өтуге мына жерден. Сосын айналып өтеміз мына жерден сабаққа бару үшін.
Тұрғындардың қорқатын жөні бар. Айтуынша, 12 қабатты үйді кезінде құрылыс компаниясы сапасыз салып қана қоймай, жұмысын аяқсыз қалдырған екен. Сондықтан, тұрғындар жабылып жүріп үйдің сыртын өздері соңына дейін қаптап алған. Бірақ, сәл жел тұрса темір қаңылтырлар мен өзге құрылыс материалдары төменге ұшады. Тіпті, бірнеше күн бұрын көліктерді басып қалыпты. Бір айта кетерлігі, жұрт үйдің сапасыз салынғанын айтып құзырлы орындарға талай мәрте шағымданған екен. Одан нәтиже жоқ. Енді соның зардабын тартуға мәжбүр.
Галина Тиваненкова, Астана қаласының тұрғыны: (ауд)
-Жақында өзіміз жөндеу жүргізгенбіз. Бірақ, бәрі тағы опырылып құлап жатыр. Дәл кіре берістің алдына түседі. Бұл сұмдық қой. Бір күні біреуіміздің басымызға құлап, жазым боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!