{metadescription}
Бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталған «Атырау су арнасы»-ның басшысы қайта қамауға алынды
Бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталған «Атырау су арнасы»-ның басшысы қайта қамауға алынды

Бюджет ақшасын жымқырды деп айыпталған «Атырау су арнасы»-ның басшысы қайта қамауға алынды

Абақтыға қайта қамалды! Қазынаның 1 миллион теңгесін талан-таражға салды деп істі болған “Атырау су арнасы” мекемесінің басшысы Андрей Ташлыков қайтадан қамауға алынды. Қазанның үші күні тергеу абақтысына жабылған оны әйелі 69 миллион 200 000 теңгенің жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, босатып алған еді.

Бірақ тергеушілер мұнымен келіспей, іле-шала соттан қайтадан қамауға алуды сұрапты. Өйткені ол бостандықта жүріп куәлерге қысым жасап, тергеудің дұрыс жүрмеуіне ықпал етеді деп отыр. Айта кетейік,“Атырау су арнасының” бұрынғы басшысы қызметін пайдаланып, жағдайын жақсартып алғанға ұқсайды. Оның Атыраумен көршілес Ресейдің Астрахань облысында жеке кәсібі мен бірнеше жылжымайтын мүлкі бар екені анықталған.

Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-  Тергеу судьясы Андрей Ташлыковты ауыр қылмыстар жасады деп күдіктелгендіктен оның қылмыстық қудалау және сот органдарынан жалтаруы мүмкін деген тұжырымға келді. Сот қаулысымен оған екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтратпау шарасына қайтадан санкциясына берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.