{metadescription}
Алматыда науқастарға тегін берілетін инсулин тапшы
Алматыда науқастарға тегін берілетін инсулин тапшы

Алматыда науқастарға тегін берілетін инсулин тапшы

Алматыда науқастарға тегін берілетін инсулин жетпей жатыр! Қант диабетімен ауыратындар әсіресе қысқа мерзімге әсер ететін инсулиннің жоқтығын айтып дабыл қағуда. Өзге амалы қалмағандар дәріханалардан сатып алуға көшкен. Бірақ, «бағасы қымбат, қалтамыз көтермейді» дейді олар.  Ал, үш аптадан бері көзден бұлбұл ұшқан аталмыш препараттың жоқтығын қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері де растап отыр.

Екатерина Молодцова алып шаһардағы инсулин дауы шымбайына қатты батқан жанның бірі. Себебі, сегіз жылдан бері қан диабетінің зардабын тартып келеді. Бүгін ғана ауруханадан шыққан әжей, «ендігі күнім не болмақ» деп алаңдайды.

Екатерина Молодцова, Алматы қаласының тұрғыны

-Үйге келгеннен кейін бойымды қорқыныш билеп алды. Қалада маған қажеттінің жоқ екенін естідім. Дәріханаға хабарласқанымда, бағасы 10 мың мен 20 мың теңге аралығында тұратынын айтты. Азғантай зейнатақымды оған жеткізе алмаймын.

Сырқат жандардың тегін дәрі-дәрмекті емханалардан іздеп сабылғанына үш аптаға жуықтапты. Амалы таусылғандар, дәріханалардан сатып алуға көшкен.Құзырлы орындар қысқа мерзімді әсер ететін инсульин тапшылығының бір себебін биыл науқастардың қатары артқанымен түсіндіреді. Жыл басында Алматы қаласында қант диабетімен сырқаттанатын 7 мың адам тіркелсе, қазір олардың саны тағы  400 адамға көбейген. Бірақ, емханаларда тегін таратылатын инсулиннің жетіспеуінің себебі, жалғыз бұл ғана емес екен.

Мамандардың айтуынша, препаратты тасымалдаушы «СК-Формация» компаниясының басшылығындағы қайта құруға байланысты, инсулинді жеткізу уақыты кешіктірілген. Естеріңізге салсақ, қыркүйек айында жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро «СК-Формация» компаниясының басшысын ұстап, кейін оған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылған болатын. Ал, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері инсулин тапшылығы келесі аптада шешімін табады деп сендірді.

Жанар Кенжебаева, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

-Дәл қазір қысқа мерзімге әсер ететін инсульинді жеткізу тоқтап тұр. Шілде айында тағы да қосымша жеткізу жөнінде тапсырыс бергенбіз. Өтінішімізді денсаулық сақтау министрілігі мақұлдап, қаржы бөлінді. Қазанның 20-нан кейін келеді деп күтіп отырмыз.

Сондай-ақ, тапшылықты сездірмеуге тырысқан денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, еліміздің өзге аймақтарына сауын айтып, сұрау салыпты. Соған қарағанда, инсулин дауы әлі ұзаққа созылатын түрі бар. Ал, дертіне дауа іздегендер болса, «тапшылықтың кесірінен дәріханалардағы баға шарықтап кете ма» деп алаңдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде