Ақтөбеде суйцид жасамақ болған кәсіпкердің басы бәлеге қалды
Суицид жасаймын деп енді сотталып тынуы мүмкін! Ақтөбеде газ құятын бекетке соғылып өлмек болған кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оған өзгенің мүлкін бүлдірмек болды деген айып тағылып отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.10.2017
39 жастағы жігіт Toyota Hilux көлігімен келіп, газ толы мына бөшкеге соғып бір-ақ тоқтапты. Ондағы ойы көгілдір отын атылғанда, өзін жарып жібермекші болған. Бірақ цестернаның майысқаны болмаса, кәсіпкер аман қалады. Артынша көлігіндегі пышағын алып, ішін тілгілеп тастаған. Өмірмен осылай қоштаспақ болған ақтөбелік қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жанынан ешкімді жолатпайды. Ал тергеушілер болса өзіне қол салуға қандай себеп болғанын анықтауда.
Жасұлан Дәулембаев, Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі:
-Қазір ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр. Бұл адам бекетке әдейі көлігімен соғып тұр ғой. Неліктен олай істеуге мәжбүр болғанын анықтаймыз. Бірақ ол қазір ауруханада. Әзірге осы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғадық. Екіншісі өзін өлтіруге итермелеуге қатысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!