{metadescription}
Атырауда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қызу талқыланды
Атырауда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қызу талқыланды

Атырауда ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қызу талқыланды

Ақпараттық қауіпсіздік - алдыңғы орында! Атырауда жиналып, ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша заң жобасын талқылаған депутаттар осылай деп отыр. Айтуларынша, заманның өзгеруіне байланысты заңды да өзгерту талабы туындапты. Өйткені арзан атақ іздегендер жеңіл дүниелерді жариялау арқылы қоғамға қауіп тудырып отыр деп санайды олар.

Яғни енді осы уақытқа дейін зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалардың суретін, жеке деректерін жариялауға шектеу қойылмақ. Сондай-ақ, азаматтардың бейнесін басылымда жариялау үшін де олардың рұқсаты қажет болады. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін жауапкершіліктен босату жағы да қарастырылыпты. Нақты айтсақ, егер БАҚ мемлекеттік органдардың хабарламаларындағы қате ақпаратты тарататын болса жауаптан құтылуы мүмкін. Және заң жобасында мүгедектердің де мәселесі қаралған. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін прайм-тайм уақытта белгілі бір жаңалықты субтитрмен немесе сурдоаудармамен беру міндеттелмек.Одан бөлек, бұрын БАҚ иелері өз міндеттерін дұрыс орындамаса, тиражы тәркіленіп, қызметі тоқтатылатын. Ал жаңа заң жобасында бұл талап алынып тасталып отыр. Бірақ ендігі жерде басылымның әр данасын өкілетті орынға электрондық түрде жолдап отырулары керек. Интернет журналистика туралы да айтылды. Қазір ғаламторда бүркеме атпен бір-бірін ғайбаттап жүргендер аз емес. Сондықтан, құжатта ғаламтор пайдаланушыларға жасырын пікір жазуға тыйым салынады. Кейбір қоғам белсенділері мұны ғаламторда сөз бостандығын шектеу деп пікір білдірген. Бірақ құжатты әзірлеген министрлік жаңа талап құқық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет дейді.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

- Журналист ақпарат майданының қорғаушысы болса, сол қорғаушымызға көмектесетін жағдайға мәжбүр болып отырмыз. Заманның сұранысы солай болып тұр. Біз ертеңгі ұрпақ алдында жауаптымыз. Сондықтан мен депутат емес, азамат ретінде пікірімді айтайын, қазақша айтқанды әркім аузына келгенін оттай беруге болмайды.

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде