{metadescription}
Алматы облысында ауыл мектебінің құрылысына қатысты жемқорлық дауы туып жатыр
Алматы облысында ауыл мектебінің құрылысына қатысты жемқорлық дауы туып жатыр

Алматы облысында ауыл мектебінің құрылысына қатысты жемқорлық дауы туып жатыр

Желге ұшқан жарты миллиард! Алматы облысы Нұрым ауылының мектебін жөндеуге осыншама сома жұмсалыпты. Алайда тұрғындардың айтуларынша, жұмыстарын шала- пұла істеген құрылысшылар материал үнемдеп, біраз ақшаны жеп кеткен. Мектеп директоры ғимаратта  «еш кінәрат жоқ»  деп қабылдап алыпты. Ал жұрт енді тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етуде.

Сырт көзге әп-әдемі көрінетін 120 орындық білім ордасы жазда жарты милиард теңгеге жөнделіпті. Оқу жылы басталғалы басынан дау арылмаған ғимарат енді Дайрабайдың көк сиырының кебін киіп тұр. Осында баласын оқытатын  ауыл тұрғындарының айтуынша,  жылу жүйесінде ақау бар, еден сықырлап опырылғалы тұр, дәретханада желдеткіш жоқ. 

Мұрат Нұрсалықов,  Нұрым ауылының тұрғыны:

-Дәретхананың шамын қосқан кезде мына жерде ауаны соратын алмастыратын вентилятор бірге қосылу керек, светпен бірге. Ол мысалы өздеріңіз естіп тұрсыздар,  мына жерде ешқандай вентиялция істеп тұрған жоқ қазір.

Тұрғындардың талай жерге жазған шағымдары негізінде жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы тіпті қылмыстық іс те қозғапты. Алайда оларға да сенбеген жұрт тәуелсіз сараптама  құрып, ғимаратты жөндеу барысында  қанша ақшаның желінгенін өзіміз дәлелдейміз деп отыр.

Нұрлан Үркімбаев, Нұрым ауылының тұрғыны:

-Бізге комсиссия құрсын. Комиссияның ішінде ауыл азаматтары болсын,әкім болсын,  басқа болсын, келіп қай жері дұрыс салынды, қай жері дұрыс салынбады.Ертең бұның гарантийный срогы өтеді дейді да, содан кейін болды  одан кейін қалады бұл мәселе.    

Ауы жұртының айтуынша, бұған мектеп ғимаратын құрылысшылардан «еш мін жоқ» деп қабылдап алған директор кінәлі. Сондай актіге қол қойғаны былай тұрсын, басшы өзіне жақпаған мұғалімдерге де қысым көрсетеді- мыс. Сағат бермей, педагогтарды қыспаққа алып, қызметтен қуады екен.  

Ерлан Қожабаев, Нұрым ауылының тұрғыны:

-Өзінің ағайын-туысқандарын жинайды, келіндерін жинайды, құда-жекжаттарын жинайды. Сондай өзінің жекеменшік мектепке айналдыра  бастады. Сондай мәселе боп тұр бізде.

Ал директор тергеушілер мен түрлі тексерулерден шаршадым дейді. Айтуынша,  құзырлы органдардан құралған комиссия дәретханадағы желдеткіштен басқа еш кінарат таппаған.

Күміс Даулетова, Нұрым орта мектебінің директоры:

-Осы жақында ғана сентябрь айында антикоррупционный полициядан келіп, тоғыз адам осы жерде тағы проверка жасады. Келіп айтты,  подрядчик те  келді, айтты осылай вытяжкалар істемейді деді. Ол кісілер көрді, вытяжканы айтты сол кезде, Хасан» мен жасап беремін, қалғандары бәрі дұрыс» деді. Сол бойынша біз әлі допроста жүрміз.

Тиісті комиссия құрылысшылар тарапынан кеткен олқылықтарды тізіп, оны тез арада жоюға міндеттеген екен. Ал жөндеу жұмыстары барысында қанша ақшаның желге ұшқаны сотқа дейінгі тергеу  аяқталған соң белгілі болмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде