{metadescription}
Алматыға су жаңа автобустар әкелінбек
Алматыға су жаңа автобустар әкелінбек

Алматыға су жаңа автобустар әкелінбек

Көлік жаңарды, қызмет деңгейі қандай болмақ? Биыл Алматыдағы қоғамдық көліктің қатары әрқайсысы 38 миллион теңге тұратын ресейлік 200 автобуспен толықпақ. Әзірге ұзындығы 12 метрлік көліктің 20 данасы жеткізілген.

Мамандар қыруар қаражат жұмсалған  көліктер экологиялық таза, Еуро-5 талабына сай келеді деп, мақтауын асырып отыр. Олардың айтуынша, бес бейне бақылау камерасы орнатылған автобустар еш қауіпсіз және кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлап жасалған арнайы құрылғылар орнатылған. Сонымен қатар, автобустың ішіне кірген жолаушыларды санап отыратын есептегіш құрал бар. Енді жаңа қоғамдық көліктегі жаңа ережеге сәйкес, ұялы телефонмен сөйлескен, темекі шеккен немесе өзге де оғаш қылық көрсеткен жүргізушілердің әрекеті бейне бақылауға түсіп, бірден жазаланады. «Осы арқылы жол бойы кездесетін түрлі келеңсіздіктің алдын аламыз» дейді мамандар.

Тимур Сағалиев, «Алматыэлектротранс» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Біз өз тарапымыздан еңбек төлемінің жүйесін сараладық. Жүргізушілеріміз барлық талапқа сәйкес 180-200 мың теңге көлемінде айлық алады. Егер ешқандай тәртіп бұзбаған жүргізуші болса, тоқсан сайын бір айлық көлемінде сыйақы беріледі. Біздің талабымызға сай келмеген жүргізушілер жұмыстан қуылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.