Апаттан кейін Ан-28-дің аспанға көтерілуіне уақытша тыйым салынды
Азаматтық авиация комитеті Ан-28- ұшақтарының аспанға көтерілуіне уақытша тыйым салды. Комиссия апаттың себебін анықтап, салдарын жіктегенше East Wing әуе компаниясындағы барлық Ан-28 ұшақтарын пайдалану тоқтатылады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
23.10.2017
Айта кетейік, қазанның 3-де Алматы облысында санитарлық авиация ұшағы құлаған. Борттағы үш экипаж мүшесі мен екі білікті дәрігер Ан-28 дің ішінде өртеніп кетті. Ұшақ Шымкенттегі науқас әйелге жәрдем көрсету үшін аттанған еді. Алайда, әуеге көтерілгеннен кейін 12 минуттан соң Алматы іргесіндегі Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшыраған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!