{metadescription}
Ақтөбенің тәртіп сақшылары сатушы діндар жігіттерді қатаң тексеруде
Ақтөбенің тәртіп сақшылары сатушы діндар жігіттерді қатаң тексеруде

Ақтөбенің тәртіп сақшылары сатушы діндар жігіттерді қатаң тексеруде

Ақтөбенің тәртіп сақшылары қаланың қақ ортасындағы сауда орталығына тінту жүргізді. Әсіресе, ұялы телефон сататын діндар жігіттерді тексеріп, бірнешеуін тергеуге алған.

Бетперде киіп, қаруланған сарбаздар сауда орталығына сау ете қалғанда сондағы жұрт қорқып қалыпты. Жақын маңды қоршауға алып, ғимаратқа ешкімді жолатпаған. Жергілікті билік полицейлердің ұрланған ұялы телефондарды анықтамақ болғанын айтады. Десе де, сол орталықтағы саудагерлердің дені қауға сақалды, шолақ балақты жігіттер. Олардың бірнешеуін полиция бөлімшесіне жеткізіп, бірер сағат тергеуден соң босатыпты. Әзірге құзырлы органдар бұл операция туралы жақ ашпай отыр. Соған қарағанда, радикалдық дін ұстанушылармен күресу шарасы болуы да мүмкін. Өйткені, қазір Ақтөбенің сегіз ауданында жат діннің жетегінде кеткендермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған түрлі саладағы 40 шақты маман тартылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.