{metadescription}
Елімізде саудагерлер картоп бағасын әдейі көтерген болып шықты
Елімізде саудагерлер картоп бағасын әдейі көтерген болып шықты

Елімізде саудагерлер картоп бағасын әдейі көтерген болып шықты

Картоп бағасын әдейі көтерген. Көкөністің бұл түрін тапшы едіп, салдарынан санаулы күнде қымбаттатып жіберген саудагерлердің өздері екен. Жанармайдың артынша жағдайды ұтымды пайдаланғандар өзара келісіп, іле-шала бағаны үш есеге дейін көтеріп жіберген. Алыпсатарлардың әккі әрекеті жайлы мәлімдеген Ауыр шаруашылығы министрі араны ашылғандарды енді аямаймыз деп отыр. Негізі, биыл картоп 150 мың тоннаға артық жиналыпты. Бірақ соған қарамастан, қолдан баға жасағандарға Мырзахметов шара қолданбақ.   

Бензин үшін әріптесінің таяқ жегені түрткі болды ма, картоп бағасымен Асқар Мырзахметовтың өзі айналыса бастады. Айтуынша, көкөніс құнын өсіруге негіз жоқ. Ал базардағы баға кісі қолының ісі екен.   

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

-Картоп бағасын көтеруге еш себеп жоқ. Өйткені, биылғы өнім биыл жақсы шықты. Бағаны әсіре өзгертіп жатқан саудагерлердің өздері. Әрине, ондайларға шара қолданатын боламыз. Ол бойынша өңірлерге тапсырма берілді.

Өйткені, биыл былтырғыдан да көп картоп жиналған екен. Бас-аяғы - 3,5 миллион тонна. Бұл өткен жылғыдан 150 мың тоннаға артық. Мұндай қарқынмен қайта баға арзандай түсуі тиіс екен. Одан бөлек, Өзбекстанның өзінің картобының пісуіне байланысты, көршілерге де кетіп жатқан жоқ. Тек неге екені белгісіз елде қып-қызыл қымбатшылық.

Дархан Амангелді, саудагер

-5-ақ теңге көреміз өзіміз үстінен! 85 теңгеден аламыз болды, 5-ақ теңге!

Баға бас қаладан бастап бұрмаланып жатыр екен. Бізге 90 теңгеден дегендер жасырын түрде жүз елуден сатқан боп шықты.   

130-140-тан деді. Телевидение келеді деген соң қысылып уже 95 деп жазып жатыр уже, әне!

Өтірігі ашылған алыпсатарлар артынша бағаны бірінен-соң бірі өзгерте бастады. Ал міз бақпай тұрғандары басқа сатушылардан сөз естіп тынды. Ұрлықтың аяғы айқайға ұласа жаздады.   

-Ценик қой! Қазір қой, мен қарап тұрамын! Ербол, затыңа ценик қой!

Ал Алматыда күні кеше ғана 90 теңгеге сатылған өнімнің келісі, жанармай литрінен де қымбат.

Нұрбол Қошқаров, саудагер:

- 90 теңге еді ғой, 170 болды. 00.28 Базарда қымбат қой! 160 теңге базарда. 170 теңгеден сатып жатырмы. 00:37 Ол жақта алсаң ал, алмасаң қой деді ғой.

Десе де, мұның өзі де көзбояушылық болуы мүмкін. Өйткені, тұрғындар картопты одан да қымбатқа алып жатқандар жайлы айтып қалды.

Мария Степанова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Картопты 180-200 теңгеден сатып алып жатырмыз! Не деген сұмдық?! Картоп ешқашан мұндай қымбат болған емес. Сатушылар 300-ге дейін көтеріледі әлі деп шошытып қойды. Онсыз да жейтін тамағымыз осы картоп еді, енді не жейміз? Пияз жейтін шығармыз. Ол да қымбаттап шыға келмесе?!/

Қарағандылықтар ғана картопты қорықпай қымбатқа сатып жатыр. Айтуларынша, алда тағы көтерілуі мүмкін екен. Өйткені, өнімді қыстай сақтауға қоймасын жалға беретіндер ақысын екі есеге көтерген.   

Марат Әшіров, саудагер :

- Картошка қымбаттайды, себебі бәрін қоймаға кіргізіп қойдық. Енді көтеріледі, өйткені қойманың бағасы қымбат, қоймаға қойғаннан кейін қоймаға төлейді. Тағы шығындар бар сол үшін көтеріледі. Биыл уражай аз болды. құрғақшылық болды, картошка көп емес. Сол үшін қымбатшылық болады. Картошка көтеріледі бағасы күннен күнге. Может 300 теңгеге баруы мүмкін, может 500-ге баруы мүмкін көктемге дейін. Белгісіз әлі. Бірақ, арзандамайды. 

Ал Ауыл шарушылығы министрінің мәлімдемесі мүлде басқа. Асқар Мырзахметов қазіргі картоп бағасы қолдан жасалғанына сенімді. Айтуынша, жағдай жақын күндері түзелуі тиіс. Құнды қолдан өсіргендерге қатысты нақты қандай шара қолдналытыны әзірге белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде