{metadescription}
Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды
Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды

Таразда дауға қалған қандастар елден қуылмайтын болды

Тараздағы қандастар елден қуылмайды. Көші-қон қызметі арқылы тіркеуге тұрып, кейін ықтияр хаттары жарамсыз деп танылған, Қытайдан келген 251қазақ құжаттарын қайта рәсімдеп жатыр. Себебі, былықты құзырлы мекеме өкілдерінің өздері жасағаны расталып, ата жұртты аңсап келгендер елден шығарылмайтын болды. Сөйтіп, олар заңды түрде Қазақстанның кез-келген өңіріне уақытша және тұрақты тіркеуге тұруға мүмкіндік алды.

Автобусқа лық толы азаматтар құдалықтан қайтып келе жатқандай күйде. Олардың қуанып, шырқайтындай жөні бар. Өйткені мұндағылар Қазақстан азаматы атануға мүмкіндік алды. Яғни Алматыдан арнайы Таразға келіп, әзірше уақытша және тұрақты тіркеуге тұрды. Ал бұған дейін мұндағы бірде-бір жанның ән айтпақ түгілі, ата жұртта жер басып жүрудің өзі мұң болған. Яғни Қытайдан қоныс аударған 251 қандастың ықтияр хаты жарамсыз деп табылып, түгелдей елден қуылуы тиіс еді.    

Қанат Берікбол (19 шілде, 2017)

-Біз жина дегенді жинадық. Бер дегенін бердік. Енді беріп алып бір жылдан соң құжат жарамсыз дегендері бізге қажет емес. Мен Қазақстанға азаматтық алайын деп келдім. Мен Қытайға қайта кетейін деп келгенімжоқ. Азаматтық керек маған.

Қандастар Қытайға барудан қатты қорықты. Айтуларынша, сол елдің қатал заңы бойынша ескертусіз елден кетіп, қайта оралғандарды түрмеге жабады екен. Ал төлқұжат есебінде берілген ықтияр хаттың жарамсыз екені тұрғылықты жер бойынша анықтама алу кезінде белгілі болған.

Ал сол кезде жалған құжат жасады деген күдікпен қалалық көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы мен бір инспектор және тағы үш делдалға қатысты тергеу жүріп жатқан. Ақыры бұл ұйымдасқан топтың кінәсі сотта дәлелденді. Көші-қон қызметінің басшысы 7 жарым жылға сотталса, инспектор 4 млн. 200 мың теңге айыппұлмен құтылды. Сондай-ақ делдалдың біреуі 5 жылға абақтыға жабылып, екеуі рақымшылық аясында бостандыққа шықты.  

Бүгінде 50 оралманға Қазақстанда уақытша және тұрақты тіркеуге тұруларына заңды түрде рұқсат берілсе, тағы үшеуі азаматтық алып үлгерген. Өзгелері де құжат рәсімдеу машақатымен көші-қон полициясын жағалап жүр.       

Арай Айымбек,  Жамбыл облысы көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

-Қытайдан келген 251 азамат өзіміздің қандастар, оралмандар болып табылады. Сондықтан қазіргі таңда оларды Қазақстанның аумағынан шығарып тастау немесе жазалау іс-шаралары қабылданып жатқан жоқ. Керсінше ЖО көші-қон қызметі басқармасы оларға құжаттарын заңдастыруға көмектесіп жатыр.  

Айта кетейік, Қытайдан келген жалпы саны 251 азамат болса, оның тең жарымы әлі күнге қолдағы ықтияр хаттың жарамсыз екенін білмейді. Өйткені, олар кезінде Тараз қаласына тіркеуге тұрып, кейін әр өңірге тарап кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде