Ұлттық қауіпсіздік комитеті күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Бүгін Ақордаға комитет төрағасын шақыртқан президент Нұрсұлтан Назарбаев Сирия келіссөздерінің алдында қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге пәрмен берді.
Автор: Досжан Маратұлы
23.10.2017
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Сириский процесс следующий раунд 30 числа этого месяца здесь будет происходить. Вокруг этой хотел поинтересоватся событиями который у нас в стране.
Ал, елдегі жағдай тұрақты деген арнайы қызметтің басшысы Кәрім Мәсімов, сырттағы ахуал мен ішкі қауіпсіздік туралы Елбасыға есеп берді. Әсіресе, «Экспо» кезіндегі қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейде болғанын мақтанышпен айтты. Тіпті, халықаралық көрмеге кедергі келтірмек болған қаскөйлер ұсталған екен. Бірақ, Мәсімов бұған толығырақ тоқталған жоқ. Ал, президент ең алдымен Астана процесінің 7-ші рауынды алдында қауіпсіздікті арттыруға тапсырма берді. Ол Елордада келісі дүйсенбі басталмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!