Жамбыл облысында барымташылар қолға түсті
Жамбыл облысында 140 бас қойды ұрлағандар ұсталды. Үш күдікті Жамбыл ауданында орналасқан қыстақтағы қойшының қол-аяғын скотчпен матап, қорадағы бір отар қойды түгелдей алып кетпек болған. Бірақ шопан ата тұқымдарын қараңғы түнде айдап жүру қиын болғандықтан, үштен бірін ғана әкетіпті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
24.10.2017
-Іс әрекеттің бәрі бейнетаспаға түсіріліріп жатқаны ескертіледі. Қолғап, насыбай. 139 бас қойды ұрлап бара жатқан жерінен.
Әккі ұрылар малшының үйіне түн жарымда баса-көктеп кірген. Олар шопанды байлап кеткенімен, ол босап шығып қожайынға қоңырау шалып үлгерген. Мал иесі тәртіп сақшыларына хабар беріп, барымта жасағандар ертесіне Көделі жайылымында қолға түсіп отыр. Ұрылар жалпы құны 3 жарым млн. теңге болатын 139 бас қойды Рысқұлов ауданына айдап әкетпек болыпты. Бірақ, нақты кімге және қайда апара жатқандары қазір анықталуда. Қамауға алынғандар – Тараз қаласының тұрғындары. Үшеуі де бұрын-соңды істі болмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!