{metadescription}
Қазақстанда сотталған блогер Украинада ұсталды
Қазақстанда сотталған блогер Украинада ұсталды

Қазақстанда сотталған блогер Украинада ұсталды

Атышулы Жанар Ахметова Украинада ұсталды. Алаяқтық бабы бойынша сотталған келіншекке бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған. Украиналық полицейлер қазақстандық блогерді Киев облысында қолға түсіріпті. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрілігі хабарлады.

Тергеу мәліметтеріне сай, Жанар Ахметова 2005-2008 жылдар аралығында азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін алаяқтық жолмен жымқырған. Сот оған үкім де кескен еді. Бірақ кішкентай баласы болғандықтан жазаны өтеу кейінге қалдырылған екен. Ахметова соны ұтымды пайдаланып, осы жылдың көктемінде Украинаға қоныс аударған. Қазақстандық блогер қазір Киев облысында уақытша тергеу абақтысында отыр. Енді ол елге экстрадициялануы тиіс.

Алмас Сәдубаев,  ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

-2010 жылдың тамыз айында істі қараған сот органдары қылмыскердің кәмелетке толмаған баласы барын ескерді. Сол себептен оған жазасын өтеу мерзімін 2021 жылдың 5-ші қарашасына шегерген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде