Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сатқан азамат жазасыз жүр
Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін саудаға салған азаматты жауапқа тарту мүмкін болмай тұр. Әділет министрлігі ол азамат қазір біздің қызметкер емес, сондықтан оған қатысты еш шара қолдана алмаймыз деп, Ішкі істер министрлігіне сілтеді.
Автор: Азамат Алдоңғаров
24.10.2017
Тәртіп сақшылары болса, дүние салған әншінің құжатын сатқан саудагердің әрекетін Қылмыстық кодекстің 371-ші бабы, «немқұрайлылыққа» жатқызған. Бірақ оны тергеу Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құзырында деп, істі сонда жолдаған. Үш мемлекеттік орган өзара жауаптыны анықтағанша, Әнуар есімді жігіт әйгілі әншінің куәлігін үш жүз мыңға бағалап, кәде ретінде сатып жіберуі мүмкін. Оның қолына құжат Батырхан куәлік ауыстырған кезде түсіпті. Сол кезде Әділет министрлігінің құжат рәсімдеу бөлімінде істеген жігіт, әншінің куәлігін жоймай, қалтасына салып алған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!