Жол апатында қос аяғынан айырылған азаматша 20 млн теңге талап етіп отыр
Алматыда келіншекті екі аяғынан айырған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот басталды. Екатерина Парафиева тізгіндеген көліктің дөңгелегі әл-Фараби даңғылындағы ашық люкқа түсіп кетіп, сонымен әлек болып жүргенде артынан екінші машина келіп соққан болатын. Ортада қысылып қалған келіншек сөйтіп екі аяғын кестіруге мәжбүр болды. Қапыда мүгедек болған тұрғын бүгін сотқа арбамен жетті. Алғашқы отырыстың қалай өткенін бізбен байланысқа шыққалы тұрған тілшіміз Нұргүл Нұрланқызынан сұрап білейік.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.10.2017
- Іс мына мен тұрған Бостандық аудандық сотында қаралып жатыр. Өйткені оқиғаның өзі осы аудандағы күре жолда болды. Айта кетсем, іс бойынша тергеудің өзі 4 айдай уақытқа созылды. Ал бүгін мұнда зардап шегуші Екатерина Парафиеваның өзі де келді. Осы апаттан соң қос аяғынан айырылған ол мүгедектер арбасына таңылған. Ал, әл-Фараби даңғылындағы оқиға бойынша айыпталып жатқан автобус жүргізушісі. Ол 24 жастағы алматылық азамат. Тергеу дәл соны оқиғаға кінәлі деп шешкен. Жәбірленуші тарап апатқа себеп болғандардан моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап етіп отыр. Десе де, Парафиеваның өзі нақты ешкімді кінәламайды. Әділдікті сотқа қалдырды.
Екатерина Парафиева, зардап шегуші:
-Мен ешкімді кінәламаймын. Әділ шешімді сот шығарады. Қандай үкім кессе де мен келісемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!